ПУБЛИЧНАЯ ОФЕРТА на использование сервиса easySell
вступает в силу с 29 апреля 2025 г.

ЖАРИЯ ОФЕРТА easySell сервисін пайдалану туралы
29 сәуір 2025 ж. бастап күшіне енеді

Термины и определения / Терминдер мен анықтамалар

Оферта — настоящий документ, содержащий условия использования Сервиса, являющийся официальным предложением заключить договор.

Акцепт — полное и безоговорочное принятие условий Оферты Пользователем путём регистрации в Сервисе.

Сервис — программно-аппаратный комплекс EasySell, включая сайт, приложения и иные программные решения, предоставляемые Исполнителем.

Исполнитель — ИП SHOES4KIDS, предоставляющий доступ к Сервису на условиях Оферты.

Пользователь — юридическое лицо или индивидуальный предприниматель, зарегистрированный в Сервисе и принявший условия Оферты.

Организация — единица учёта в Сервисе, создаваемая Пользователем для ведения работы.

Личный кабинет — защищённая интерфейсная область, доступная Пользователю после авторизации, предназначенная для управления услугами и данными.

Данные — информация, загружаемая, размещаемая или передаваемая Пользователем через Сервис.

Персональные данные — информация, относящаяся к идентифицируемому физическому лицу, обрабатываемая в рамках законодательства РК.

Демонстрационный доступ — предоставление доступа к Сервису без заключения договора возмездного оказания услуг, в целях ознакомления.

Форс-мажор — обстоятельства непреодолимой силы, освобождающие стороны от ответственности за нарушение обязательств.

Тариф — условия оплаты и объёмы использования Сервиса, публикуемые в интерфейсе.

Оферта — Сервисті пайдалану шарттарын қамтитын, шарт жасасу туралы ресми ұсыныс болып табылатын осы құжат.

Акцепт — Пайдаланушының Сервисте тіркелу арқылы Оферта шарттарын толық және сөзсіз қабылдауы.

Сервис — Орындаушы ұсынатын сайтты, қосымшаларды және басқа да бағдарламалық шешімдерді қоса алғанда, EasySell бағдарламалық-аппараттық кешені.

Орындаушы — Оферта шарттарында Сервиске қол жеткізуді ұсынатын SHOES4KIDS ЖК.

Пайдаланушы — Сервисте тіркелген және Оферта шарттарын қабылдаған заңды тұлға немесе жеке кәсіпкер.

Ұйым — жұмыс жүргізу үшін Пайдаланушы құратын Сервистегі есепке алу бірлігі.

Жеке кабинет — авторизациядан кейін Пайдаланушыға қолжетімді, қызметтер мен деректерді басқаруға арналған қорғалған интерфейстік аймақ.

Деректер — Пайдаланушы Сервис арқылы жүктейтін, орналастыратын немесе жіберетін ақпарат.

Дербес деректер — ҚР заңнамасы аясында өңделетін сәйкестендірілетін жеке тұлғаға қатысты ақпарат.

Демонстрациялық қол жеткізу — танысу мақсатында, ақылы қызмет көрсету шартын жасаспай Сервиске қол жеткізуді ұсыну.

Форс-мажор — тараптарды міндеттемелерді бұзғаны үшін жауапкершіліктен босататын еңсерілмес күш жағдайлары.

Тариф — интерфейсте жарияланатын Сервисті пайдалану төлем шарттары мен көлемдері.

1. Общие положения / Жалпы ережелер

1.1. Настоящая Оферта является официальным предложением ИП SHOES4KIDS (далее — Исполнитель) заключить договор возмездного оказания услуг на изложенных ниже условиях с юридическими лицами и индивидуальными предпринимателями (далее — Пользователь). Оферта не адресована физическим лицам, не зарегистрированным в качестве субъектов предпринимательства.

1.2. Акцептом настоящей Оферты является регистрация в Сервисе и подтверждение принятия условий оферты через соответствующий элемент интерфейса на форме создания организации. Эти действия считаются заключением договора в письменной форме в соответствии с пунктом 2 статьи 396 Гражданского кодекса Республики. До момента акцепта Пользователь не считается вступившим в какие-либо договорные отношения с Исполнителем, и Исполнитель не несёт перед ним никаких обязательств.

1.3. Настоящая Оферта составлена в соответствии с Гражданским кодексом РК, Законами РК «Об информатизации», «О персональных данных и их защите» и иными нормативными правовыми актами.

1.4. Договор регулируется законодательством Республики Казахстан. Язык договора — русский, с параллельным переводом на казахский язык. В случае разночтений приоритет имеет текст на русском языке.

1.5. Оферта не является предложением для потребителей в смысле Закона РК «О защите прав потребителей». Использование физическими лицами, не зарегистрированными как ИП или юридическое лицо, запрещено. При выявлении такого использования доступ блокируется, а данные подлежат удалению без восстановления.

1.1. Осы Оферта ЖК SHOES4KIDS (бұдан әрі – Орындаушы) заңды тұлғалармен және жеке кәсіпкерлермен (бұдан әрі – Пайдаланушы) төменде баяндалған шарттармен ақылы қызмет көрсету шартын жасасу туралы ресми ұсынысы болып табылады. Оферта кәсіпкерлік субъектілері ретінде тіркелмеген жеке тұлғаларға бағытталмаған.

1.2. Осы Офертаны акцепттеу Қызметте тіркелу және ұйымды құру нысанындағы интерфейстің тиісті элементі арқылы оферта шарттарын қабылдауды растау болып табылады. Бұл әрекеттер Республика Азаматтық кодексінің 396-бабының 2-тармағына сәйкес жазбаша нысанда шарт жасасу болып саналады. Акцепт сәтіне дейін Пайдаланушы Орындаушымен қандай да бір шарттық қатынастарға түскен болып саналмайды және Орындаушы оның алдында ешқандай міндеттемелер атқармайды.

1.3. Осы Оферта ҚР Азаматтық кодексіне, ҚР «Ақпараттандыру туралы», «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Заңдарына және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жасалған.

1.4. Шарт Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі. Шарт тілдері — орыс және қазақ тілдері. Қайшылықтар туындаған жағдайда орыс тіліндегі мәтін басымдылыққа ие болады.

1.5. Оферта ҚР «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңы мағынасында тұтынушыларға арналған ұсыныс болып табылмайды. ЖК немесе заңды тұлға ретінде тіркелмеген жеке тұлғалардың пайдалануына тыйым салынады. Мұндай пайдалану анықталған жағдайда қолжетімділік бұғатталады және деректер қалпына келтіру мүмкіндігінсіз жойылады.

2. Права и обязанности сторон / Тараптардың құқықтары мен міндеттері

2.1. Исполнитель предоставляет доступ к Сервису, включая инструменты автоматизации, обмена данными, учёта, уведомлений и аналитики.

2.2. Сервис предоставляется «как есть», без гарантий бесперебойной работы, сохранности данных, совместимости с конкретными системами Пользователя или достижения конкретных результатов. Исполнитель не гарантирует соответствие Сервиса индивидуальным требованиям или возможность использования в критически важных или коммерчески значимых процессах. Исполнитель не гарантирует достижение любого конкретного результата или соответствие ожиданиям Пользователя. Пользователь принимает на себя все риски, связанные с использованием Сервиса, включая возможную нестабильность, утрату данных и ошибки.

2.3. Исполнитель вправе по своему усмотрению изменять или ограничивать функциональность Сервиса, включая скорость, объём, алгоритмы обработки данных.

2.4. Пользователь обязуется:

  • использовать персональные средства авторизации;

  • не передавать доступ третьим лицам;

  • обеспечивать конфиденциальность логинов, паролей, токенов;

  • не копировать, не декомпилировать, не модифицировать Сервис;

  • не использовать массовые автоматизированные запросы.

2.5. Все действия, совершенные с использованием авторизационных данных, считаются действиями Пользователя. 2.6. Исполнитель вправе ограничить или прекратить доступ при нарушении условий настоящей Оферты или законодательства.

2.7. Пользователь самостоятельно оценивает применимость Сервиса к своим задачам и несёт полную ответственность за соблюдение требований законодательства, включая налоговое и по защите персональных данных.

2.8. Исполнитель не несёт ответственности за:

  • действия или бездействие Пользователя;

  • корректность и работоспособность сторонних API;

  • технические сбои, вызванные внешними обстоятельствами;

  • утрату данных, упущенную выгоду, косвенные или штрафные убытки;

  • использование Сервиса в критически важных процессах.

Ни при каких обстоятельствах Исполнитель не несет ответственности за любые убытки, возникающие из-за использования или невозможности использования Сервиса.

2.9. Ответственность Исполнителя ограничивается размером оплаты, фактически произведённой Пользователем за пользование Сервисом за последние 30 (тридцать) календарных дней. При отсутствии оплаты какая-либо ответственность Исполнителя исключается. Пользователь признаёт и соглашается, что в таком случае доступ к Сервису предоставляется исключительно в демонстрационных целях и не квалифицируется как возмездное оказание услуг в соответствии со статьёй 683 Гражданского кодекса Республики Казахстан. Любые претензии, иски или требования, вытекающие из использования Сервиса на безвозмездной основе, не подлежат рассмотрению и удовлетворению.

2.9.1. Исполнитель ни при каких обстоятельствах не несет ответственности за:

  • прямые убытки, включая фактический ущерб;

  • косвенные убытки любого характера;

  • упущенную выгоду, потерю доходов или прибыли;

  • потерю деловой репутации или возможностей;

  • потерю, повреждение или искажение данных;

  • перерывы в коммерческой деятельности;

  • неполучение ожидаемой экономии;

  • специальные, случайные или штрафные убытки.

2.9.2. Данное ограничение ответственности применяется в максимальной степени, разрешенной законодательством Республики Казахстан, независимо от того, был ли Исполнитель уведомлен о возможности таких убытков и независимо от того, основано ли требование на договоре, деликте, небрежности, строгой ответственности или любой другой правовой или справедливой теории.

2.10. Все действия Пользователя логируются и могут использоваться в качестве доказательств. Срок хранения логов — не менее 6 месяцев. Пользователь соглашается, что технические логи, формируемые Сервисом, обладают юридической силой, равной письменным доказательствам в соответствии с ГПК РК и могут использоваться Исполнителем в рамках досудебных и судебных процедур.

2.11. Любые судебные иски, поданные без прохождения обязательного досудебного урегулирования и без факта оплаты услуг, признаются злоупотреблением правом и подлежат отклонению. При отсутствии оплаты не возникает юридических оснований для истребования услуги, компенсации или предъявления претензий, что исключает предмет иска в смысле статьи 147 ГПК РК. Такие иски подлежат отклонению как не подлежащие рассмотрению.

2.12. В случае предъявления претензий третьими лицами, связанных с данными, размещёнными Пользователем, он обязуется самостоятельно урегулировать такие претензии и компенсировать убытки Исполнителя.

2.1. Орындаушы Сервиске қол жеткізуді қамтамасыз етеді, соның ішінде автоматтандыру, деректер алмасу, есепке алу, хабарламалар және талдау құралдарын ұсынады.

2.2. Сервис «бар күйінде» ұсынылады, үздіксіз жұмыс істеуіне, деректердің сақталуына, Пайдаланушының нақты жүйелерімен үйлесімділігіне немесе нақты нәтижелерге қол жеткізуге кепілдік берілмейді. Орындаушы Сервистің жеке талаптарға сәйкестігіне немесе оны ерекше маңызды немесе коммерциялық маңызды процестерде пайдалану мүмкіндігіне кепілдік бермейді. Орындаушы кез-келген нақты нәтижеге қол жеткізуге немесе Пайдаланушы күткен нәтижеге сәйкес келуге кепілдік бермейді. Пайдаланушы Сервисті қолданумен байланысты барлық тәуекелдерді, соның ішінде ықтимал тұрақсыздық, деректердің жоғалуы және қателер мүмкіндігін өзіне қабылдайды.

2.3. Орындаушы өз қалауы бойынша Сервис функционалдығын, соның ішінде жылдамдығын, көлемін, деректерді өңдеу алгоритмдерін өзгертуге немесе шектеуге құқылы.

2.4. Пайдаланушы міндеттенеді:

  • жеке авторизация құралдарын пайдалану;

  • үшінші тұлғаларға қол жеткізу құқығын бермеу;

  • логиндердің, парольдердің, токендердің құпиялылығын қамтамасыз ету;

  • Сервисті көшірмеу, декомпиляцияламау, модификацияламау;

  • жаппай автоматтандырылған сұрауларды пайдаланбау.

2.5. Авторизация деректерін пайдалана отырып жасалған барлық әрекеттер Пайдаланушының әрекеттері болып саналады.

2.6. Орындаушы осы Оферта немесе заңнама шарттары бұзылған жағдайда қол жеткізуді шектеуге немесе тоқтатуға құқылы.

2.7. Пайдаланушы Сервистің өз тапсырмаларына қолданылуын өз бетінше бағалайды және салық және дербес деректерді қорғау бойынша талаптарды қоса алғанда, заңнама талаптарының сақталуына толық жауапты болады.

2.8. Орындаушы мыналар үшін жауапты болмайды:

  • Пайдаланушының әрекеттері немесе әрекетсіздігі;

  • үшінші тараптық API дұрыстығы және жұмыс қабілеттілігі;

  • сыртқы жағдайлардан туындаған техникалық ақаулар;

  • деректердің жоғалуы, жіберіп алған пайда, жанама немесе айыппұл шығындары;

  • Сервисті маңызды процестерде пайдалану.

Ешқандай жағдайда Орындаушы Сервисті пайдаланудан немесе оны пайдалану мүмкіндігінің болмауынан туындаған қандай да бір залалдар үшін жауап бермейді.

2.9. Орындаушының жауапкершілігі Пайдаланушының Сервисті пайдаланғаны үшін соңғы 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде нақты төлеген төлем мөлшерімен шектеледі. Төлем болмаған жағдайда Орындаушының қайсыбір жауапкершілігі алынып тасталады. Пайдаланушы бұл жағдайда Сервиске қол жеткізу тек демонстрациялық мақсаттарда ұсынылатынын және Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 683-бабына сәйкес ақылы қызмет көрсету ретінде қаралмайтынын мойындайды және келіседі. Сервис ақысыз негізде пайдаланғаннан туындайтын кез келген шағымдар, талаптар немесе талап-арыздар қарауға және қанағаттандыруға жатпайды.

2.9.1. Орындаушы ешқандай жағдайда мыналар үшін жауапты болмайды:

  • тікелей залалдар, соның ішінде нақты залал;

  • кез-келген сипаттағы жанама залалдар;

  • жіберіп алған пайда, табыс немесе кіріс жоғалту;

  • іскерлік беделді немесе мүмкіндіктерді жоғалту;

  • деректерді жоғалту, бұзылу немесе бұрмалау;

  • коммерциялық қызметтегі үзілістер;

  • күтілген үнемдеуді алмау;

  • арнайы, кездейсоқ немесе айыппұл залалдары.

2.9.2. Бұл жауапкершілікті шектеу Қазақстан Республикасы заңнамасында рұқсат етілген ең жоғары дәрежеде, Орындаушы осындай залалдардың ықтималдығы туралы хабардар болғанына қарамастан және талап-арыз шартқа, деликтке, немқұрайлылыққа, қатаң жауапкершілікке немесе кез келген басқа құқықтық немесе әділетті теорияға негізделгеніне қарамастан қолданылады.

2.10. Пайдаланушының барлық әрекеттері тіркеледі және дәлел ретінде пайдаланылуы мүмкін. Журналдарды сақтау мерзімі — кемінде 6 ай. Пайдаланушы Сервиспен қалыптастырылған техникалық журналдар ҚР АПК сәйкес жазбаша дәлелдермен тең заңды күшке ие және Орындаушы оларды сотқа дейінгі және сот рәсімдері аясында пайдалана алады деген келісімін береді.

2.11. Міндетті сотқа дейінгі реттеуден өтпестен және қызметтерге ақы төлеу фактісіз берілген кез келген сот талқылары құқықты теріс пайдалану деп танылады және қабылданбайды. Төлем болмаған жағдайда қызметті талап ету, өтемақы немесе шағымдар үшін заңды негіздер туындамайды, бұл ҚР АПК 147-бабы мағынасындағы талап-арыз мәнін болдырмайды. Мұндай талап-арыздар қаралуға жатпайтын ретінде қабылданбайды.

2.12. Пайдаланушы орналастырған деректерге байланысты үшінші тұлғалар тарапынан шағымдар туындаған жағдайда, ол осындай шағымдарды өз бетінше реттеуге және Орындаушының шығындарын өтеуге міндеттенеді.

3. Условия демонстрационного доступа / Демонстрациялық қол жетімділік шарттары

3.1. На текущем этапе Сервис предоставляется на безвозмездной основе в рамках ограниченного тестового доступа. Между сторонами не возникает отношений возмездного оказания услуг, и предоставление доступа носит исключительно демонстрационный характер.

Использование Сервиса на условиях демонстрационного доступа не является оказанием информационных, консультационных или технологических услуг в смысле ст. 683 ГК РК и не создаёт обязательств Исполнителя по достижению результата.

Стороны прямо подтверждают, что использование Сервиса в период демонстрационного доступа не образует между ними обязательств по договору возмездного оказания услуг, а также не создаёт правовых ожиданий на продолжение доступа или качество функций. Любые выгоды, полученные Пользователем, считаются случайными и не подлежат компенсации.

3.2. Пользователь подтверждает, что использует Сервис в ознакомительных целях, не в целях получения прибыли или оказания услуг третьим лицам. Любое использование в коммерческой или критически важной деятельности осуществляется на собственный риск.

3.3. Исполнитель не обязан:

  • обеспечивать бесперебойную или непрерывную работу Сервиса;

  • сохранять или резервировать данные Пользователя;

  • оказывать техническую поддержку;

  • предоставлять акты, счета или иные документы.

3.4. Сам факт регистрации в Сервисе не создаёт обязанности Исполнителя оказывать какие-либо услуги в смысле гражданского законодательства.

3.5. По завершении бесплатного периода:

  • доступ может быть ограничен или прекращён;

  • данные хранятся не более 30 дней и подлежат удалению без возможности восстановления;

  • резервное копирование данных возлагается на Пользователя.

3.6. Возврат средств невозможен, за исключением случаев подтверждённой технической ошибки по вине Исполнителя при наличии действующего платного доступа.

3.6.1. Исполнитель вправе в любой момент без предварительного уведомления изменять функциональность, возможности, алгоритмы работы Сервиса, условия доступа к Сервису, включая, но не ограничиваясь: ограничивать скорость работы, количество запросов, объем хранимых данных, отключать отдельные функции.

3.6.2. Принимая условия настоящей Оферты, Пользователь подтверждает, что полностью осознает демонстрационный характер доступа к Сервису и не будет предъявлять требований о компенсации каких-либо потерь или убытков, связанных с использованием демонстрационной версии.

3.7. Исполнитель вправе отказать в предоставлении доступа или удалить аккаунт без объяснения причин, если сочтёт действия Пользователя нарушающими безопасность или стабильность работы Сервиса. Такой отказ не подлежит обжалованию.

3.8. Любые претензии или требования, основанные на демонстрационном использовании Сервиса, включая ссылки на интерфейс, переписку с поддержкой, визуальные отчёты или метки времени, являются юридически ничтожными и не могут быть использованы как доказательства оказания услуг.

3.1. Қазіргі кезеңде Сервис шектеулі тестілік қол жеткізу аясында тегін негізде ұсынылады. Тараптар арасында ақылы қызмет көрсету қатынастары туындамайды және қол жеткізуді қамтамасыз ету тек қана демонстрациялық сипатта болады.

Демонстрациялық қол жеткізу шарттарымен Сервисті пайдалану ҚР АК 683-бабы мағынасында ақпараттық, кеңес беру немесе технологиялық қызметтерді көрсету болып табылмайды және Орындаушының нәтижеге қол жеткізу бойынша міндеттемелерін туындатпайды.

Тараптар демонстрациялық қол жеткізу кезеңінде Сервисті пайдалану олар арасында ақылы қызмет көрсету шарты бойынша міндеттемелер туындатпайтынын, сондай-ақ қол жеткізудің жалғасуына немесе функциялардың сапасына құқықтық күтулер тудырмайтынын тікелей растайды. Пайдаланушы алған кез келген пайда кездейсоқ болып саналады және өтемақыға жатпайды.

3.2. Пайдаланушы Сервисті пайда табу немесе үшінші тұлғаларға қызмет көрсету мақсатында емес, танысу мақсатында пайдаланатынын растайды. Коммерциялық немесе аса маңызды қызметте кез келген пайдалану өз тәуекеліне жүзеге асырылады.

3.3. Орындаушы міндетті емес:

  • Сервистің үздіксіз немесе тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге;

  • Пайдаланушының деректерін сақтауға немесе резервтеуге;

  • техникалық қолдау көрсетуге;

  • актілерді, шоттарды немесе басқа құжаттарды ұсынуға.

3.4. Сервисте тіркелу фактісінің өзі азаматтық заңнама мағынасында Орындаушыға қандай да бір қызметтерді көрсету міндетін жүктемейді.

3.5. Тегін кезең аяқталғаннан кейін:

  • қол жеткізу шектелуі немесе тоқтатылуы мүмкін;

  • деректер 30 күннен артық сақталмайды және қалпына келтіру мүмкіндігінсіз жойылуға жатады;

  • деректерді резервтік көшіру Пайдаланушыға жүктеледі.

3.6. Қаражатты қайтару мүмкін емес, Орындаушының кінәсінен расталған техникалық қате жағдайларын және қолданыстағы ақылы қол жеткізу болған жағдайларды қоспағанда.

3.6.1. Орындаушы кез келген сәтте алдын-ала хабарламай функционалдықты, мүмкіндіктерді, Сервистің жұмыс алгоритмдерін, Сервиске қол жеткізу шарттарын өзгертуге құқылы, соның ішінде шектеусіз: жұмыс жылдамдығын, сұраулар санын, сақталатын деректер көлемін шектеуге, жекелеген функцияларды өшіруге құқылы.

3.6.2. Осы Оферта шарттарын қабылдай отырып, Пайдаланушы Сервиске қол жеткізудің демонстрациялық сипатын толық түсінетінін және демонстрациялық нұсқаны пайдалануға байланысты қандай да бір шығындар немесе залалдарды өтеу туралы талаптар қоймайтынын растайды.

3.7. Егер Пайдаланушының әрекеттері Сервистің қауіпсіздігін немесе тұрақты жұмысын бұзады деп есептесе, Орындаушы себептерін түсіндірместен қол жеткізуден бас тартуға немесе аккаунтты жоюға құқылы. Мұндай бас тарту шағымдануға жатпайды.

3.8. Сервисті демонстрациялық пайдалануға негізделген кез келген шағымдар немесе талаптар, соның ішінде интерфейске сілтемелер, қолдау қызметімен хат алмасу, визуалды есептер немесе уақыт белгілері заңды тұрғыдан жарамсыз болып табылады және қызмет көрсетудің дәлелі ретінде пайдаланыла алмайды.

4. Условия использования и ограничения / Пайдалану шарттары мен шектеулер

4.1. Регистрация в Сервисе осуществляется через интерфейс сайта или приложения.

4.2. До создания первой организации функциональность может быть ограничена.

4.3. Каждая организация в Сервисе является отдельной учётной единицей с индивидуальными настройками и условиями использования. Использование одной организации для обслуживания более чем одного индивидуального предпринимателя (ИП) или юридического лица допускается исключительно при наличии документально подтверждённого права на такое объединение (например, доверенности, договора аутсорсинга или иных аналогичных оснований).

4.4. Подключение сторонних сервисов осуществляется под полную ответственность Пользователя. Исполнитель не несёт ответственности за сбои или ошибки сторонних API.

4.5. Уведомления о сроках тарифа и иных условиях отображаются исключительно в интерфейсе Сервиса. Иные способы уведомлений не гарантируются.

4.6. Исполнитель вправе вести внутренний реестр недобросовестных Пользователей. Ведение реестра осуществляется исключительно в целях внутренней безопасности, и не является основанием для принятия решений, затрагивающих юридические права Пользователя без отдельного уведомления.

4.7. Исполнитель вправе привлекать подрядчиков и иных третьих лиц для выполнения отдельных функций Сервиса при условии соблюдения ими требований законодательства и конфиденциальности.

4.1. Сервисте тіркелу сайт немесе қосымша интерфейсі арқылы жүзеге асырылады.

4.2. Бірінші ұйымды құруға дейін функционалдық шектеулі болуы мүмкін.

4.3. Әрбір ұйым Сервисте жеке баптаулары мен пайдалану шарттары бар жеке есеп бірлігі болып табылады. Бір ұйымның бірнеше жеке кәсіпкерге (ЖК) немесе заңды тұлғаға қызмет көрсетуі үшін пайдаланылуына тек осындай біріктіруге құқықтың құжатпен расталған жағдайында ғана рұқсат етіледі (мысалы, сенімхат, аутсорсинг келісімшарты немесе басқа да ұқсас негіздер).

4.4. Үшінші тарап сервистерін қосу Пайдаланушының толық жауапкершілігімен жүзеге асырылады. Орындаушы үшінші тарап API-ларының ақаулары немесе қателері үшін жауапты болмайды.

4.5. Тариф мерзімдері және басқа да шарттар туралы хабарламалар тек Сервис интерфейсінде көрсетіледі. Басқа хабарлама әдістері кепілдендірілмейді.

4.6. Орындаушы адал емес Пайдаланушылардың ішкі тізілімін жүргізуге құқылы. Тізілімді жүргізу тек ішкі қауіпсіздік мақсатында жүзеге асырылады және жеке хабарламасыз Пайдаланушының заңды құқықтарына әсер ететін шешімдер қабылдауға негіз болып табылмайды.

4.7. Орындаушы Сервистің жекелеген функцияларын орындау үшін мердігерлер мен басқа үшінші тұлғаларды олардың заңнама және құпиялылық талаптарын сақтауы шартымен тартуға құқылы.

5. Персональные данные / Дербес деректер

5.1. Оператором персональных данных в рамках настоящей Оферты является ИП SHOES4KIDS (БИН: 891017300257). Обработка данных осуществляется в соответствии с Законом РК «О персональных данных и их защите», а также с соблюдением технических и организационных мер безопасности.

5.2. Все серверы размещены в дата-центрах на территории Республики Казахстан.

5.3. Пользователь, вводящий персональные данные третьих лиц, гарантирует наличие законных оснований и соответствующего письменного согласия на их обработку. Ответственность за правомерность обработки полностью несёт Пользователь.

Пользователь гарантирует, что он получил письменное согласие всех субъектов персональных данных на обработку и хранение их данных в рамках Сервиса. Исполнитель не осуществляет проверку наличия таких согласий и не несёт ответственности за их отсутствие.

5.4. Пользователь вправе отозвать согласие на обработку персональных данных. В этом случае доступ к Сервису прекращается, а данные удаляются в течение 30 дней, если иное не требуется законодательством.

5.5. Исполнитель вправе сохранить данные после удаления аккаунта или отзыва согласия, если обязанность хранения предусмотрена законодательством Республики Казахстан (например, в рамках фискального, уголовного или гражданского производства).

5.6. Передача данных осуществляется по защищённым каналам связи. Исполнитель применяет разумные меры защиты, но не несёт ответственности за утечки, вызванные действиями третьих лиц.

5.7. В отношении данных, вводимых или размещаемых Пользователем, Исполнитель не считается оператором персональных данных. Пользователь самостоятельно определяет цели, состав и способы их обработки и несёт полную ответственность за соответствие требованиям законодательства. Обработка персональных данных третьих лиц осуществляется полностью на риск Пользователя. В случае предъявления претензий или требований третьих лиц, Исполнитель вправе переадресовать их Пользователю без участия в споре. Исполнитель не осуществляет контроль за правомерностью ввода Пользователем персональных данных третьих лиц, включая наличие согласий. Все риски и последствия, включая штрафы и иски, возлагаются на Пользователя.

5.1. Осы Оферта аясында дербес деректер операторы ЖК SHOES4KIDS (БСН: 891017300257) болып табылады. Деректерді өңдеу ҚР «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Заңына сәйкес, сондай-ақ техникалық және ұйымдастырушылық қауіпсіздік шараларын сақтай отырып жүзеге асырылады.

5.2. Барлық серверлер Қазақстан Республикасы аумағындағы дата-орталықтарда орналастырылған.

5.3. Үшінші тұлғалардың дербес деректерін енгізетін Пайдаланушы оларды өңдеуге заңды негіздердің және тиісті жазбаша келісімнің бар екеніне кепілдік береді. Өңдеудің заңдылығы үшін жауапкершілікті толығымен Пайдаланушы көтереді.

Пайдаланушы Сервис аясында барлық дербес деректер субъектілерінен олардың деректерін өңдеуге және сақтауға жазбаша келісім алғанына кепілдік береді. Орындаушы мұндай келісімдердің болуын тексермейді және олардың болмауы үшін жауапкершілік көтермейді. 5.4. Пайдаланушы дербес деректерді өңдеуге берген келісімін кері қайтарып алуға құқылы. Бұл жағдайда Сервиске қол жеткізу тоқтатылады және деректер, егер заңнамада басқаша талап етілмесе, 30 күн ішінде жойылады.

5.5. Орындаушы аккаунтты жойғаннан немесе келісімді кері қайтарып алғаннан кейін, егер сақтау міндеті Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған болса (мысалы, фискалдық, қылмыстық немесе азаматтық іс жүргізу аясында), деректерді сақтауға құқылы.

5.6. Деректерді беру қорғалған байланыс арналары арқылы жүзеге асырылады. Орындаушы ақылға қонымды қорғау шараларын қолданады, бірақ үшінші тұлғалардың әрекеттерінен туындаған ақпарат жылыстауы үшін жауапты болмайды.

5.7. Пайдаланушы енгізетін немесе орналастыратын деректерге қатысты Орындаушы дербес деректер операторы болып саналмайды. Пайдаланушы оларды өңдеудің мақсаттарын, құрамын және әдістерін өз бетінше анықтайды және заңнама талаптарына сәйкестігі үшін толық жауапты болады. Үшінші тұлғалардың дербес деректерін өңдеу толығымен Пайдаланушы тәуекелімен жүзеге асырылады. Үшінші тұлғалардың шағымдары немесе талаптары болған жағдайда, Орындаушы оларды дауға қатыспай Пайдаланушыға қайта бағыттауға құқылы. Орындаушы Пайдаланушының үшінші тұлғалардың дербес деректерін, келісімдердің болуын қоса алғанда, енгізу заңдылығын бақыламайды. Барлық тәуекелдер мен салдарлар, айыппұлдар мен талап-арыздарды қоса алғанда, Пайдаланушыға жүктеледі.

6. Прекращение договора / Шартты тоқтату

6.1. Пользователь вправе прекратить использование Сервиса в любое время путём удаления организации или аккаунта через интерфейс. Все данные при этом подлежат безвозвратному удалению, за исключением случаев, предусмотренных законодательством.

6.2. Удаление аккаунта может быть инициировано также через письменное обращение по email. Удаление в таком случае осуществляется в срок до 10 рабочих дней.

6.3. При нарушении условий настоящей Оферты, включая обход ограничений, попытки взлома, массовый парсинг, распространение вредоносного кода и аналогичные действия, Исполнитель вправе немедленно прекратить доступ и удалить данные без уведомления и компенсации.

6.4. Если законодательством Республики Казахстан установлены сроки обязательного хранения данных, такие данные сохраняются независимо от прекращения договора до окончания установленных сроков.

6.1. Пайдаланушы интерфейс арқылы ұйымды немесе аккаунтты жою арқылы кез келген уақытта Сервисті пайдалануды тоқтатуға құқылы. Бұл жағдайда барлық деректер, заңнамада көзделген жағдайларды қоспағанда, қайтарымсыз жойылуға жатады.

6.2. Аккаунтты жою сондай-ақ электрондық пошта арқылы жазбаша өтініш арқылы бастамаланады. Бұл жағдайда жою 10 жұмыс күніне дейінгі мерзімде жүзеге асырылады.

6.3. Осы Оферта шарттарын бұзған жағдайда, соның ішінде шектеулерді айналып өту, бұзып кіру әрекеттері, жаппай парсинг, зиянды кодты тарату және ұқсас әрекеттер кезінде, Орындаушы хабарламасыз және өтемақысыз қол жеткізуді дереу тоқтатуға және деректерді жоюға құқылы.

6.4. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында деректерді міндетті сақтау мерзімдері белгіленген болса, мұндай деректер шарт тоқтатылғанына қарамастан белгіленген мерзімдер аяқталғанға дейін сақталады.

7. Разрешение споров и применимое право / Дауларды шешу және қолданылатын құқық

7.1. Все споры и разногласия стороны обязуются урегулировать путём переговоров и переписки.

7.2. Претензионный порядок является обязательным. Претензии направляются через интерфейс Сервиса или по контактному адресу электронной почты. Претензия, отправленная с зарегистрированного аккаунта, считается равнозначной письменной. Претензионный порядок считается согласованным сторонами.

7.3. В случае невозможности досудебного урегулирования спора, он подлежит рассмотрению в судебных органах по месту государственной регистрации Исполнителя — в г. Алматы. Установленная территориальная подсудность является исключительной и не может быть изменена по инициативе Пользователя. Положения о защите прав потребителей не применяются к отношениям сторон, поскольку услуги предоставляются исключительно субъектам предпринимательства.

7.4. Любая попытка обжалования условий Оферты в юрисдикциях, отличных от установленной, признаётся злоупотреблением правом.

7.5. Претензии по техническим вопросам принимаются в течение 10 рабочих дней с момента возникновения соответствующего события. Обращения по истечении этого срока не рассматриваются.

7.1. Тараптар барлық даулар мен келіспеушіліктерді келіссөздер және хат алмасу арқылы шешуге міндеттенеді.

7.2. Шағым білдіру тәртібі міндетті болып табылады. Шағымдар Сервис интерфейсі арқылы немесе байланыс электрондық пошта мекенжайы бойынша жіберіледі. Тіркелген аккаунттан жіберілген шағым жазбаша шағымға тең болып саналады. Шағым білдіру тәртібі тараптармен келісілген деп саналады.

7.3. Дауды сотқа дейінгі реттеу мүмкін болмаған жағдайда, ол Орындаушының мемлекеттік тіркелген жері — Алматы қаласы бойынша сот органдарында қаралуға жатады. Белгіленген аумақтық соттылық айрықша болып табылады және Пайдаланушының бастамасы бойынша өзгертілмейді. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы ережелер қызметтер тек кәсіпкерлік субъектілеріне көрсетілетіндіктен тараптардың қатынастарына қолданылмайды.

7.4. Оферта шарттарын белгіленген юрисдикциядан өзгеше юрисдикцияларда шағымдану әрекеті құқықты теріс пайдалану деп танылады.

7.5. Техникалық мәселелер бойынша шағымдар тиісті оқиға туындаған сәттен бастап 10 жұмыс күні ішінде қабылданады. Осы мерзім өткеннен кейін келіп түскен өтініштер қаралмайды.

8. Интеллектуальная собственность / Зияткерлік меншік

8.1. Все исключительные права на программный код, интерфейс, API, базы данных, визуальные и текстовые элементы Сервиса принадлежат Исполнителю и охраняются законодательством Республики Казахстан.

8.2. Пользователю предоставляется неисключительная, непередаваемая, отзываемая лицензия на использование Сервиса исключительно в пределах доступного функционала.

8.3. Пользователю запрещается:

  • декомпилировать, модифицировать или копировать Сервис;

  • использовать элементы Сервиса вне предусмотренных сценариев;

  • использовать наименования, логотипы, товарные знаки Исполнителя без письменного согласия;

  • анализировать архитектуру, разрабатывать конкурирующие решения;

  • использовать Сервис в целях обучения автоматизированных систем, включая искусственный интеллект.

8.4. Нарушение условий настоящего раздела является основанием для немедленного прекращения доступа, удаления данных и привлечения к ответственности.

8.5. Упоминания сторонних сервисов, торговых марок и платформ (CRM, маркетплейсы и пр.) носят справочный характер и не означают партнёрства или лицензирования.

8.6. Исполнитель вправе в любое время передать свои права и обязанности по настоящему договору третьим лицам без уведомления Пользователя при условии соблюдения законодательства и конфиденциальности.

8.1. Бағдарламалық кодқа, интерфейске, API-ға, деректер базасына, Сервистің визуалды және мәтіндік элементтеріне барлық айрықша құқықтар Орындаушыға тиесілі және Қазақстан Республикасының заңнамасымен қорғалады.

8.2. Пайдаланушыға Сервисті тек қолжетімді функционал шеңберінде пайдалануға айрықша емес, берілмейтін, кері қайтарылатын лицензия беріледі.

8.3. Пайдаланушыға тыйым салынады:

  • Сервисті декомпиляциялау, модификациялау немесе көшіру;

  • Сервис элементтерін қарастырылған сценарийлерден тыс пайдалану;

  • жазбаша келісімсіз Орындаушының атауларын, логотиптерін, тауар белгілерін пайдалану;

  • архитектураны талдау, бәсекелес шешімдерді әзірлеу;

  • Сервисті жасанды интеллектті қоса алғанда, автоматтандырылған жүйелерді оқыту мақсатында пайдалану.

8.4. Осы бөлімнің шарттарын бұзу қол жеткізуді дереу тоқтату, деректерді жою және жауапкершілікке тарту үшін негіз болып табылады.

8.5. Үшінші тарап сервистерін, сауда белгілерін және платформаларды (CRM, маркетплейстер және т.б.) атап өту анықтамалық сипатта болады және серіктестікті немесе лицензиялауды білдірмейді.

8.6. Орындаушы осы шарт бойынша өзінің құқықтары мен міндеттерін кез келген уақытта Пайдаланушыға хабарламастан үшінші тұлғаларға заңнама мен құпиялылықты сақтау шартымен беруге құқылы.

9. Прочие условия / Басқа шарттар

9.1. Любые консультации, полученные от технической поддержки или из справочных материалов, не являются юридическим, бухгалтерским или иным профессиональным заключением.

9.2. Использование Сервиса для обработки или передачи информации, подпадающей под специальные режимы (государственная, банковская, коммерческая тайна, биометрические данные и пр.), допускается исключительно под ответственность Пользователя и не создаёт обязательств у Исполнителя. Пользователь самостоятельно оценивает применимость Сервиса к требованиям обработки информации с особыми режимами защиты и принимает на себя все связанные с этим риски.

9.3. Пользователь гарантирует, что любые данные, вводимые им в Сервис, не нарушают права третьих лиц. В случае предъявления претензий, связанных с такими данными, Пользователь обязуется самостоятельно урегулировать их и компенсировать убытки Исполнителя.

9.4. Исполнитель не несёт ответственности за неверную интерпретацию Пользователем интерфейсных элементов, визуализированных отчётов или текстов справки, если они не сопровождаются прямым письменным подтверждением от Исполнителя.

9.1. Техникалық қолдау қызметінен немесе анықтамалық материалдардан алынған кеңестер заңдық, бухгалтерлік немесе басқа да кәсіби қорытынды болып табылмайды.

9.2. Сервисті арнайы режимдерге (мемлекеттік, банктік, коммерциялық құпия, биометриялық деректер және т.б.) жататын ақпаратты өңдеу немесе беру үшін пайдалануға тек Пайдаланушының жауапкершілігімен рұқсат етіледі және Орындаушыда міндеттемелер туындатпайды. Пайдаланушы Сервистің ерекше қорғау режимдері бар ақпаратты өңдеу талаптарына қолданылуын өз бетінше бағалайды және осыған байланысты барлық тәуекелдерді өзіне алады.

9.3. Пайдаланушы Сервиске енгізетін кез келген деректер үшінші тұлғалардың құқықтарын бұзбайтынына кепілдік береді. Мұндай деректерге байланысты шағымдар туындаған жағдайда, Пайдаланушы оларды өз бетінше реттеуге және Орындаушының шығындарын өтеуге міндеттенеді.

9.4. Орындаушы Пайдаланушының интерфейс элементтерін, визуализацияланған есептерді немесе анықтама мәтіндерін дұрыс түсінбеуі үшін, егер олар Орындаушыдан тікелей жазбаша растаумен бірге жүрмесе, жауапты болмайды.

10. Форс-мажор / Форс-мажор

10.1. Стороны освобождаются от ответственности за частичное или полное неисполнение обязательств, если оно стало результатом обстоятельств непреодолимой силы: стихийных бедствий, отключения интернета, перебоев в работе дата-центров, санкций, военных действий, действий государственных органов и других событий, не зависящих от сторон.

10.2. Сторона, столкнувшаяся с форс-мажором, обязана уведомить другую сторону в течение 10 календарных дней.

10.3. Срок действия обстоятельств непреодолимой силы не засчитывается в сроки исполнения обязательств. Никакие компенсации или продления обязательств по Сервису в случае форс-мажора не допускаются.

10.4. Исполнитель вправе опубликовать уведомление о наступлении обстоятельств непреодолимой силы в интерфейсе Сервиса. Пользователь соглашается, что размещение уведомлений о наступлении форс-мажора в интерфейсе Сервиса считается надлежащим способом уведомления и не требует дублирования другими способами.

10.1. Тараптар міндеттемелерді ішінара немесе толық орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылады, егер ол еңсерілмес күш жағдайларының салдары болса: табиғи апаттар, интернеттің өшуі, дата-орталықтардың жұмысындағы ақаулар, санкциялар, әскери іс-қимылдар, мемлекеттік органдардың әрекеттері және тараптарға тәуелді емес басқа да оқиғалар.

10.2. Форс-мажорлық жағдайларға тап болған тарап 10 күнтізбелік күн ішінде екінші тарапты хабардар етуге міндетті.

10.3. Еңсерілмес күш жағдайларының әрекет ету мерзімі міндеттемелерді орындау мерзіміне есептелмейді. Форс-мажор жағдайында Сервис бойынша міндеттемелерді ешқандай өтемақы немесе ұзарту рұқсат етілмейді.

10.4. Орындаушы Сервис интерфейсінде еңсерілмес күш жағдайларының туындағаны туралы хабарламаны жариялауға құқылы. Пайдаланушы Сервис интерфейсінде форс-мажордың басталуы туралы хабарламаларды орналастыру тиісті хабарлама тәсілі болып саналатынына және басқа тәсілдермен қайталауды талап етпейтініне келіседі.

11. Изменение условий Оферты / Оферта шарттарын өзгерту

11.1. Исполнитель вправе в одностороннем порядке изменять условия настоящей Оферты. Обновлённая редакция публикуется не менее чем за 5 календарных дней до вступления в силу, если иное не предусмотрено законом.

11.2. Существенные изменения, включая изменение тарифов, порядка оплаты, ответственности, вступают в силу только после подтверждения Пользователем через интерфейс. Отказ от подтверждения означает расторжение договора с даты окончания оплаченного периода.

11.3. Несогласие с новой редакцией Оферты является основанием для прекращения использования Сервиса. При этом данные подлежат удалению, за исключением случаев, предусмотренных законодательством.

11.4. Несущественные изменения (уточнение формулировок, визуальные обновления) вступают в силу автоматически. Продолжение использования Сервиса признаётся акцептом новых условий.

11.5. Все действия, подтверждения и акцепты Пользователя, зафиксированные системой, обладают юридической силой, эквивалентной собственноручной подписи.

11.1. Орындаушы осы Оферта шарттарын біржақты тәртіппен өзгертуге құқылы. Егер заңда өзгеше көзделмесе, жаңартылған редакция күшіне енгенге дейін кемінде 5 күнтізбелік күн бұрын жарияланады.

11.2. Тарифтерді, төлем тәртібін, жауапкершілікті өзгертуді қоса алғанда, елеулі өзгерістер Пайдаланушының интерфейс арқылы растауынан кейін ғана күшіне енеді. Растаудан бас тарту төленген кезеңнің аяқталу күнінен бастап шартты бұзуды білдіреді.

11.3. Оферта жаңа редакциясымен келіспеу Сервисті пайдалануды тоқтату үшін негіз болып табылады. Бұл ретте деректер, заңнамада көзделген жағдайларды қоспағанда, жоюға жатады.

11.4. Елеусіз өзгерістер (тұжырымдамаларды нақтылау, визуалды жаңартулар) автоматты түрде күшіне енеді. Сервисті пайдалануды жалғастыру жаңа шарттарды акцепттеу деп танылады.

11.5. Жүйемен тіркелген Пайдаланушының барлық әрекеттері, растаулары және акцепттері қолмен қойылған қолға тең заңды күшке ие.

12. Контактные данные / Байланыс деректері

Исполнитель:

Индивидуальный предприниматель SHOES4KIDS
БИН: 891017300257
ФИО: Нисанов Кайрат Бахытбергенович
Юридический адрес: Республика Казахстан, г. Алматы, ул. Розыбакиева, 237
Телефон: +7 707 211 2005
Email: contact@easysell.kz

Орындаушы:

SHOES4KIDS жеке кәсіпкері
БСН: 891017300257
ТАӘ: Нисанов Қайрат Бақытбергенұлы
Заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Розыбакиев к-сі, 237
Телефон: +7 707 211 2005
Email: contact@easysell.kz